jitsu gif
Спорт

    Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы шаршы алаңға оралады

    Сұлтан Заурбек
    Сұлтан Заурбек. Фото: Steve Welsh/PA Images via Getty Images

    Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сұлтан Заурбек рингке көктемнің басында оралады.

    "Мен 1 наурызда рингке қайта шығамын", – деп жазды Сұлтан Заурбек Instagram парақшасында.

    Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ, бірақ боксшының оқу-жаттығу жиыны Ұлыбританияда өтіп жатыр.

    Еске салайық, жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында Англияның Брайтон қаласында өткізген еді. Сол кездесуде Сұлтан Заурбек аргентиналық спортшы Серхио Сосадан басым түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.