Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балауса Мұздиман: Жыл соңына чемпиондық жекпе-жекке үміт артудамын

Жарияланған күні:

Балауса Мұздиман
Балауса Мұздиман. Фото: Parimatch

Қазақстандық боксшы және Parimatch амбассадоры Балауса Мұздиман Түркияның Стамбұлында өткен жаттығу жиындарынан алған әсерін айтып берді.

- Стамбұлдағы жаттығу жиындарынан қандай әсерге бөленгеніңіз жайлы айтып берсеңіз?

- Жақсы әсер алдым, Стамбұлдағы жаттығу жиындары өте жақсы өтті. 12 күнге созылды, біз осы уақыт ішінде жемісті жұмыс істедік. Одан да көп тәжірибе жинап, Серен Четинмен бірнеше спарринг өткіздім - ол қазір Түркияда бірінші орында. Айтпақшы, 24 ақпанда ол әлем чемпионы Дина Торслундпен жеңіл және 2-жеңіл салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізеді.

- Бұл жаттығу жиындары бұрынғылардағыдан ерекшелігі неде?

- Алдыңғы жиындар АҚШ-та өткен еді, онда біз бір ай болдық, ал Америка өздеріңіз білетіндей, кәсіби бокс отаны болып саналады. Мұнда бір спортшымен спаррингке көбірек байланғандықтан, сәйкесінше, жиындардың нәтижесі мен ұзақтығы да басқаша болды.

- Сіздің спаррингтегі серіктесіңіз түркиялық Серен Четин болды. Ол туралы не ойлайсыз?

- Иә, менің спаррингтегі серіктесім Түркияның № 1 боксшысы болды, ол өте көңілді және жылы жүзді адам. Ол WBC атағы үшін шайқасады, оған қоса оның қанжығасында жеңіліссіз 11 жекпе-жегі бар. Мен үшін бұл жақсы тәжірибе болды, біз алты, сегіз және 10 раундта жұмыс істеп, өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік.

- Сіздің кейінгі ресми жекпе-жегіңіз - Алматыдағы бокс кешінде Мариам Габримен өтіп еді. Сырт көзге ол сіз үшін өте оңай өткен сияқты. Енді 2 ай өткен соң, дәл солай болып көріне ме?

- Мүмкін, бұл баршаға оңай болып көрінген шығар, алайда олай емес. Біз әр жекпе-жекке дайындалып, оған барынша мұқият дайындаламыз. Мариам Габри - өте шебер, жақсы күрескер, өйткені жеңіліссіз үш жекпе-жек өткізіп, екі нокаут жасау оңай шаруа емес.

- Алдағы жарты жылға қандай жоспарларыңыз бар?

- Жаттықтырушымен және менеджермен бірлесіп, жол картасын жазып қойдық: бізді жақын арада жекпе-жек күтуде, титул үшін екі жекпе-жек өтеді, Алла Тағала қалауымен, Еуропада, Америкада екі жиын болады, жыл соңында чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткіземін деген ойдамын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2062709-balausa-muzdiman-zyl-sonyna-cempiondyq-zekpe-zekke-umit-artudamyn/