Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсыластың ботоксы ағып кетсе, мейірбекелер көмектеседі". Балауса Мұздиман әйелдер боксы туралы келеңсіз сұрақтарға жауап берді

Опубликовано:

Балауса Мұздиман
Балауса Мұздиман. Фото: Parimatch

Көпшілік "Сіз бағдарламашысыз ба? Бағдарламашы сияқты бірдеңе айтыңызшы" немесе дәрігерлер, дизайнерлер, жүргізушілер және т.б. туралы көптеген келеңсіз әрі күлкілі сұрақ қойып жатады.

Әрине, "бағдарламашы тілінде айту" бәрінен бірдей сұрала бермейді, бірақ барлығы дерлік осындай келеңсіз сұрақтарға жауап беріп жатады. Бұл сұрақтар спортшыларға да қойылады. Сондықтан бұл мәселеге біржола нүкте қоюды ұйғардық.

Роман Старченкодан кейін өзінің спорт түрі туралы келеңсіз сұрақтарға боксшы Балауса Мұздиман екінші болып жауап берді.

- Қыздар ерлерге қарағанда аяусыз шайқаса ма?

- Біз табиғатымыз бойынша эмоционалдымыз, ер адамдар салмақтырақ болғандықтан, қыздар шайқасты аяусыз өткізеді. Қыздар рингке шыққанда барлық агрессиясын шағарады, егер ерлер жекпе-жегімен салыстыратын болсақ, әйелдер шайқасы көрермендер үшін анағұрлым әсерлі болады деп ойлаймын. Women power! Бізде ерлермен қатар гонорар болуға тиіс, өйткені әйелдер боксы әсер жағынан асып түспесе, кем түспейді.

- "Сен қыз баласысың ғой, қайдағы бокс?" дегенді жиі естуші ме едіңіз?

- Иә, жиі сұрап жатады, мен тіпті бала кезімде мектепте балалармен төбелескен кезде де солай айтатын еді. Бірақ бұл менің таңдауым, мен сыртта емес, рингте ғана жұдырық түйістіремін. Бокс - өте әдемі спорт түрі, оны әйелдер мен ерлер деп бөлудің қажеті жоқ, өйткені біз спортта бірміз, ерлер сияқты жаттығып, рингке шығып тұрамыз.

- Рингке ер адаммен шыққыңыз келе ме?

- Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Жаттығуда спарринг серіктес болмаған кезде, ер адамдармен жұмыс істеуге тура келеді, ал жалпы, мен мұндай жағдайға қарсымын. Ерлер мен әйелдердің физикасы мен антропометриясы әртүрлі, ол фактімен дауласудың қажеті жоқ шығар. Бұл табиғатымызға тән ерекшелік. Сондықтан ондайды барып тұрған ақымақтық деп санаймын.

- Егер отбасын құрып жатсаңыз, боксты тастайсыз ба?

- Мен неке тақырыбында сөйлескенді ұнатпаймын, алға қойған мақсаттарым бар және оларға жетуім керек. Әзірге боксты тастаймын деген ой жоқ. Менің барлық арманым орындалған, мақсаттарыма қол жеткізген соң ғана шаңырақ көтеруге болады деген ойдамын.

- Қарсыласыңыздың шашынан жұлып, бетін тырнап алғыңыз келген сәттер болды ма?

- Бұл өте күлкілі сұрақ, әрине, жоқ. Мен кәсіпқой спортшымын, сондықтан рингте жасалған әрекеттің бәрі норма шегінде, барлығы ереже бойынша жасалады.

- Егер қарсыластың ерні жасалған болса, салынған ботоксы ағып кетпей ме?

- Ха-ха-ха, білмеймін. Менің ерні жасанды қарсыластарым болды, бірақ менің ойымша, рингте бұл туралы ойламайсыз, тек жеңіске жетуге барымызды салып шайқас өткіземіз, егер ботоксы ағып жатса, бұрыштағы мейібикелер көмектеседі деген ойдамын.

- Соққыға алғанда қарсыласыңызға аяныш сезімі оянбай ма? Дегенмен адам баласы ғой...

- Соққыға алғанда, ешқандай аяныш сезімі болмауы керек, өйткені егер сіз ұрмасаңыз, сізді соққыға жығады. Қарсыласыңыз рингке шыққан соң, оны аяудың қажеті жоқ, өйткені сіз ол сияқты адамсыз, таяқ жеп қалуыңыз да мүмкін.

- Неліктен барлық боксшы секіртпені пайдаланады?

- Бұл біздің жаттығуларымыздың бір бөлігі, біздің жұмысымыздың 90 пайызы серкіртпеден басталады, бұл жаттығуға дайындық, бұл аяқпен жұмыс. Менің ойымша, кім секіртпемен жақсы секіре алса, аяғымен де жақсы жұмыс істей алады, көбелек сияқты рингте де жақсы қозғала алады.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2063254-qarsylastyn-botoksy-agyp-ketse-meiirbekeler-komektesedi-balausa-muzdiman-aielder-boksy-turaly-kelensiz-suraqtarga-zauap-berdi/

pixel