Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы жақында рингке оралатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы жақын арада рингке оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Айдос Ербосынұлының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 2022 жылы 5 қарашада кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түскен еді. Бұл WBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін кездесу болатын. Жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа созылды. Осыған дейін жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы жұдырықтасудың аяқталуына 30 секунд қалғанда нокаутқа түсті.

Бүгін, 7 наурызда Айдос Instagram-дағы ресми парақшасында кәсіпқой спортқа оралғысы келетінін мәлімдеді.

"Мен кеше оқырмандарымнан бокс әлеміне қайта оралғанымды қалайсыздар ма деп сұрап едім. Әртүрлі жауап болды. Бірі қолдаса, бірі қарсы болды. Баршаларыңызға рахмет. Десе де бокс әлеміне қайта ораларым хақ. Жақын күндері жақсы жаңалық айтамын", – деді Айдос Ербосынұлы Instagram Stories-тегі видеода.

Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өту үшін Бахрейн елінің спорттық азаматтығын алған қазақ боксшысы Азат Махметовпен қолғап түйістіретінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2065051-2022-zyly-komaga-tusken-bokssy-aidos-erbosynuly-zaqynda-ringke-oralatynyn-malimdedi/