jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Сәкен Бибосынов Бахрейн азаматтығын алған қазақпен Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Сакен Бибосынов
    Сакен Бибосынов. Фото: Luis Robayo - Pool / Getty Images

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің 1/8 финалындағы қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    51 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өту үшін Бахрейн елінің спорттық азаматтығын алған қазақ боксшысы Азат Махметовпен қолғап түйістіреді. Екі қазақ боксшысы арасындағы жекпе-жек 10 наурызда өтеді.

    Еске салайық, Сәкен Бибосынов турнирдің бірінші айналымында Гонконг өкілі Каннет Чун Хим Танмен жолыққан еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде Бибосынов кениялық былғары қолғап шебері Давид Каранжа Мачариямен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті.

    Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынады. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін жартылай финалға дейін жетуге тиіс.

    Сәкен Бибосынов Бахрейн азаматтығын алған қазақпен Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.