jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Майк Тайсон мен Джейк Полдың жекпе-жегінің анонсы жарияланды

    Майк Тайсон
    Майк Тайсон. Фото: Justin Setterfield/Getty Images

    Әйгілі боксшы Майк Тайсон мен блогер Джейк Полдың жекпе-жегіне анонс жарияланды. Анонс Netflix-тің Instagram-дағы парақшасында шықты.

    "Джейк Пол Майк Тайсонға қарсы — иә, шын! — LIVE BOXING-де AT&T Stadium-да өткізіп алмаңыз. Netflix-те 20 шілдеде, сенбіде #PaulTyson", - делінген жарияланымда.

    Айта кетейік, Майк Тайсон - ең ауыр салмақта өнер көрсеткен америкалық кәсіпқой боксшы. Аты күллі әлемге әйгілі америкалық кәсіпқой боксшы. WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996), IBF (1987-1990), The Ring журналының (1988-1990) чемпионы.

    Джейк Джозеф Пол - америкалық актер әрі влогер. Өз кезінде Vine видеоплатформасында танымал болған. Қызмет жабылғанға дейін оның 5,3 миллион жазылушысы және 2 миллиард қаралымы болды. Forbes журналы құрастырған 2018 жылғы ең табысы бар YouTube блогерлерінің рейтингінде Джек Пол екінші орынға ие болған.

    2020 жылы Джейк Пол ағасы Логанның ізін қуып, бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізе бастады. Бұған дейін ол Тайрон Вудли, Бен Аскрен, Андерсон Сильваға қарсы жекпе-жек өткізген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.