Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан өткен лицензиялық турнирде ҚБФ басшысы қазақстандық спортшыға қатысты төрешілердің шығарған шешіміне наразылық білдірді

Опубликовано:

Римма Волосенко
Римма Волосенко. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Биыл Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия үшін бокстан өткен турнирде қазақстандық спортшы Римма Волосенко өнерін аяқтады. Кейін Қазақстан бокс федерациясы ресми мәлімдеме жасап, төрешінің шешіміне қанағаттанбайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ширек финалда Волосенко Словакия өкілі Мирослава Жедіқановамен кездесті. Жекпе-жектің соңғы нәтижесі 2:3 қарсыластың пайдасына аяқталды. Кейін Қазақстан бокс федерациясының басшылығы наразылығын білдіріп, ресми мәлімдеме жасады.

"Олимпиадалық ойындарға лицензиялық турнирлер Халықаралық Олимпиада комитетінің эгидасымен өтеді. Өкінішке қарай турнир ережесіне сәйкес, Ұлттық федерация өкілдері төрешілердің шешіміне наразылық білдіруге құқығы жоқ. Олардың жұмысына тек бақылаушылар мен бағалаушылар баға бере алады. Бұл ретте біз Қазақстан бокс федерациясының атынан турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды білдірдік. Олар жекпе-жекті қайта саралап, қарайтынын, егер олар кінәлі болса, бұл төрешілер келесі жекпе-жектерден шеттетілетінін айтты, бірақ өкінішке қарай қорытынды балл қайта қаралмайды", – деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов.

Еске салайық, бұл Халықаралық олимпиадалық комитеттің қазақстандық боксшыларға қатысты бірінші даулы шешімі емес. Өткен жазғы Азия ойындарында ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов те осыған ұқсас жағдайға тап болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2065230-bokstan-otken-licenziyalyq-turnirde-qazaqstandyq-sportsyga-qatysty-toresilerdin-sygargan-sesimi-dau-tudyrdy/

pixel