Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз бір командамыз": Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті (видео)

Опубликовано:

Ұлттық құрама боксшылары Головкинмен
Ұлттық құрама боксшылары және Головкин. Фото: instagram/oralbay_nurbek

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияда бокстан Қазақстан құрамасымен кездесіп, алдағы кездесулер алдында сәттілік тіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин бокстан ұлттық құрамамен кездесіп, маңызды жекпе-жектер алдында сәттілік тіледі. Қазіргі таңда қазақстандық боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарысқа қатысып жатыр.

Бүгін, 10 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирдің сегізінші күні. Шаршы алаңға бес боксшымыз шығады. Бесеуі де ширек финалға шығу үшін барын салады. Айта кетейік, екі боксшымыз ширек финалға шығып қойды: әйелдер арасында Валентина Хальзова мен ерлер арасында Айбек Оралбай. Енді жеңісті жолды өзге де жерлестеріміз жалғауы қажет.

"Бәріміздің бокс мектебіміз бір. Біз бір командамыз. Өзім де осындай кезеңдерден өткенмін. Сондықтан бапкерлеріңізге сеніңіздер, өздеріңіздің күштеріңізге сеніңіздер", – деді Геннадий Головкин.

50 келі, 1/8 финал

Алуа Балқыбекова – Джухюнг ЧОН (Оңтүстік Корея);

Шамамен 17:00 (Қазақстан уақытымен).

51 келі, 1/8 финал

Сәкен Бибосынов – Азат Махметов (Бахрейн);

18:45 (Қазақстан уақытымен).

80 келі, 1/8 финал

Нұрбек Оралбай – Алексей Алферов (Тәуелсіз боксшы);

Шамамен 19:15 (Қазақстан уақытымен).

57 келі, 1/8 финал

Махмұд Сабырхан – Хосе Калеб Паган (Пуэрто-Рико);

Шамамен 23:30 (Қазақстан уақытымен).

71 келі, 1/8 финал

Асланбек Шымбергенов – Байрамдұрды Нұрмұхамедов;

00:30 (Қазақстан уақытымен).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2065737-gennadii-golovkin-bokstan-qazaqstan-ulttyq-quramasymen-kezdesti-foto/

pixel