jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Cәкен Бибосынов британиялық қарсыласын жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды

    Сакен Бибосынов
    Сакен Бибосынов. Фото: Аян Толеген / Дирекция развития спорта

    Қазақстандық боксшы Cәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда Ұлыбритания өкілі Киран Макдональдпен қолғап түйістіріп, 4:0 есебімен басым түсті. Осылайша бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының төртінші жолдамасын салды. Осыған дейін Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын қанжығалаған еді.

    Айта кетейік, бүгін 11 наурызда тағы 3 қазақстандық боксшы Олимпиада жолдамасына таласады:

    • 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан), 00:30;
    • 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан), 00:45;
    • 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия), 01:30.

    Барлық жекпе-жек Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Cәкен Бибосынов британиялық қарсыласын жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.