jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Сабырхан Махмұд Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабырхан Махмұд биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сабырхан Махмұд (57 келі) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалында жұдырықтасты. Оның қарсыласы тәжікстандық боксшы Асрор Вахидов болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді (3:2).

    Осылайша Сабырхан бокстан Қазақстан құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының 5-жолдамасын салды. Өткен жылы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Олимпиада лицензиясына ие болған еді.

    Бүгін, 11 наурызда төмендегі қазақстандық боксшылар Олимпиада жолдамасына таласады:

    • 19:30 – 75 келі. Валентина Хальзова – Синди Нгамба (Ұлыбритания);
    • 23:00 – 50 келі. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клецер (Германия);
    • 00:00 – 51 келі. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания);
    • 00:30 – 57 келі. Махмұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан);
    • 00:45 – 71 келі. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан);
    • 01:30 – 80 келі. Нұрбек Аралбай – Келин Кэссиди (Ирландия).

    Сабырхан Махмұд Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.