Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Нұрбек Оралбай ұлттық құрама қоржынына Олимпиаданың жетінші жолдамасын салды

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай: Нұрбек Оралбай

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда Ирландия өкілі Келин Кэссидимен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске қол жеткізді. Осылайша бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының 7-жолдамасын салды.

Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған боксшылар тізімі:

  • 92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев;
  • 57 келі, Карина Ибрагимова;
  • 92 келі, Айбек Оралбай;
  • 51 келі, Сәкен Бибосынов;
  • 57 келі, Махмұд Сабырхан;
  • 71 келі, Асланбек Шымбергенов;
  • 80 келі, Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияда бокстан Қазақстан құрамасымен кездесіп, спортшыларға сәттілік тілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2066520-bokssy-nurbek-oralbai-ulttyq-qurama-qorzynyna-olimpiadanyn-zetinsi-zoldamasyn-saldy/

pixel