23 наурызда Әзербайжан астанасы Бакуде басталатын "Ұлы жібек жолы" халықаралық турниріне қазақстандық боксшылар да қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оннан астам елден жүзден аса боксшы бақ сынайтын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түспек.
"Ұлы жібек жолы" жарысына қатысатын қазақстандық боксшылар:
- 48 келі: Теміртас Жүсіпов;
- 51 келі: Дамир Әбдіқадыр;
- 54 келі: Тимур Қабешов;
- 60 елі: Талғат Сырымбетов;
- 63,5 келі: Серік Теміржанов;
- 67 келі: Бақтияр Смағұлов;
- 71 келі: Дархан Дүйсебай;
- 75 келі: Тимур Нұрсейітов;
- 86 келі: Бекзат Таңатар;
- 92 келі: Сағындық Тоғамбай;
- 92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев.
Еске салайық, Белградта (Сербия) өткен бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында қазақстандық былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 4 күміс жүлде иеленген еді. Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы жарыстың жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға тұрақтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2070612-qamsybek-qonqabaev-zane-tagy-10-bokssy-xalyqaralyq-turnirde-qazaqstan-namysyn-qorgaidy/