jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қамшыбек Қоңқабаев және тағы 10 боксшы халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайды

    Қамшыбек Қоңқабаев
    Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Luis Robayo/Getty Images

    23 наурызда Әзербайжан астанасы Бакуде басталатын "Ұлы жібек жолы" халықаралық турниріне қазақстандық боксшылар да қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Оннан астам елден жүзден аса боксшы бақ сынайтын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түспек.

    "Ұлы жібек жолы" жарысына қатысатын қазақстандық боксшылар:

    • 48 келі: Теміртас Жүсіпов;
    • 51 келі: Дамир Әбдіқадыр;
    • 54 келі: Тимур Қабешов;
    • 60 елі: Талғат Сырымбетов;
    • 63,5 келі: Серік Теміржанов;
    • 67 келі: Бақтияр Смағұлов;
    • 71 келі: Дархан Дүйсебай;
    • 75 келі: Тимур Нұрсейітов;
    • 86 келі: Бекзат Таңатар;
    • 92 келі: Сағындық Тоғамбай;
    • 92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев.

    Еске салайық, Белградта (Сербия) өткен бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында қазақстандық былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 4 күміс жүлде иеленген еді. Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы жарыстың жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға тұрақтады.

    Қамшыбек Қоңқабаев және тағы 10 боксшы халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.