Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев халықаралық турнирде ресейлік боксшыдан ұтылып қалды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жек кезінде
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Olympic.kz

Бакуде (Әзербайжан) бокстан халықаралық "Жібек жолы" турнирі басталды. 24 наурызда алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, олардың екеуі ғана келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

48 келідегі Теміртас Жүсіпов пен 92 келідегі Сағындық Тоғамбай қарсыластарынан басым түсті. Жүсіпов әзербайжандық Тұралы Сариевті жеңсе, Тоғамбай тағы бір жарыс қожайыны Фуад Жафаровты техникалық нокаутпен ұтты. 

Алайда төрт салмақтағы боксшыларымыз бірінші айналымда сүрінді. Дамир Әбдіқадыр (51 келі) ирандық Мэхди Парвизиге, Серік Теміржанов (63,5 келі) әзербайжандық Руслан Рустамовқа, Тимур Нұрсейітов (75 келі) өзбекстандық Әлішер Аюповқа, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) ресейлік Рамазан Карнукаевқа есе жіберді. 

25 наурыздағы жарыс күнінде Қазақстан атынан Тимур Қабдешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Бахтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі) және Бекзат Таңатар (86 келі) сынға түседі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2072967-qamsybek-qonqabaev-xalyqaralyq-turnirde-reseilik-bokssydan-utylyp-qaldy/

pixel