jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық бес боксшы Бакудегі жарыстың алтын медаліне таласады

    Талғат Сырымбетов
    Талғат Сырымбетов. Фото: instagram.com/tgr_900

    Қазақстандық бес боксшы Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 27 наурызда қазақстандық төрт былғары қолғап шебері Бакудегі турнирдің жартылай финалында жұдырықтасты. Төртеуі де ақтық сынға жолдама алды.

    48 келі салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов Ресей өкілі Адам Әлиевтен басым түсті. Тимур Қабдешов (54 келі) ресейлік боксшы Максим Кузнецовтен айласын асырды. Ал Талғат Сырымбетов (60 келі) өзбек жігіті Бахтиер Асадовты жеңді. Қазақстандық боксшылардан ақтық айқасқа соңғы болып 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Ол жартылай финалда Иран өкілі Касра Тахмасевиді ұтты.

    Еске салайық, кеше, 26 наурызда 92 келі салмақ дәрежесіндегі Cағындық Тоғамбай жартылай финалда Ресей өкілі Рамазан Ханалиевті жеңіп, финалға жолдама алған еді. Осылайша, барлығы бес қазақстандық боксшы ақтық сында бақ сынайды.

    Қазақстандық бес боксшы Бакудегі жарыстың алтын медаліне таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.