jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Теміртас Жүсіпов ресейлік қарсыласын жеңіп, Бакудегі турнирдің финалына шықты

    Теміртас Жүсіпов
    Теміртас Жүсіпов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    48 келі салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов жартылай финалда Ресей өкілі Адам Әлиевпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласына бірнеше соққы жасап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Бүгін, 27 наурызда тағы үш қазақстандық боксшы жартылай финалдық кездесуін өткізеді. Олар:

    • 54 келі. Тимур Қабдешов – Максим Кузнецов (Ресей), 17:15;
    • 60 келі. Талғат Сырымбетов – Бахтиер Асадов (Өзбекстан), 18:30;
    • 71 келі. Дархан Дүйсебай – Касра Тахмасеви (Иран), 19:45.

    Кеше, 26 наурызда 92 келі салмақ дәрежесіндегі Cағындық Тоғамбай жартылай финалда Ресей өкілі Рамазан Ханалиевті жеңіп, финалға өткен болатын.

    Боксшы Теміртас Жүсіпов ресейлік қарсыласын жеңіп, Бакудегі турнирдің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.