jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Тайсон Фьюри мен Александр Усик қатысатын супер жекпе-жектің тізімі жарияланды

    Тайсон Фьюри мен Александр Усик
    Тайсон Фьюри мен Александр Усик: Alex Pantling/Getty Images

    Сауд Арабиясының промоутерлері 18 мамырда Эр-Риядта өтетін бокс кешінің кардын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басты оқиға – ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағына таласатын украиналық Александр Усик пен британиялық Тайсон Фьюри арасындағы супер жекпе-жек.

    Сондай-ақ латвиялық Майрис Бриедис пен австралиялық Джай Опетайя IBF тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы титул үшін жұдырықтасады.

    Жартылай жеңіл салмақтағы IBF чемпионы – британиялық боксшы Джо Кордина ирландиялық Энтони Какачемен жекпе-жекке шығады.

    Ауыр салмақтағы кубалық боксшы Фрэнк Санчес жеңіліп көрмеген неміс Агит Кабайелмен кездеседі. Жартылай ауыр салмақтағы үш дүркін әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев бірінші ауыр салмақтағы швед Робин Сафармен кездеседі.

    Жеңіл салмақтағы британиялық үміткер Марк Чемберлейн нигериялық Джошуа Вахабпен жұдырықтасады.

    Тайсон Фьюри мен Александр Усик қатысатын супер жекпе-жектің тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.