Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Елдос Сайдалин
Елдос Сайдалин. Фото: https://olympic.kz

Шәміл Сафиуллин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Оның орнына Елдос Сайдалин тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдос Сайдалиннің бапкерлік өтілі 16 жылдан асады. Қарағанды облысы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болған.

2020 жылдан бері әйелдер боксынан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері.

Оның жетекшілігімен 2021 жылғы Әлем чемпионатында қыздарымыз 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген.

2022 жылы Әлем чемпионатында жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ал 2023 жылы Астанада өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздары ел қоржынына 8 алтын, 4 күміс және 9 қола медаль салды.

Сондай-ақ 2023 жылы Арменияда өткен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додада 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2077058-qazaqstannyn-bokstan-aielder-quramasynyn-bas-bapkeri-tagaiyndaldy/

pixel