Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 мың доллар": Олимпиада лицензиясын жеңіп алған қазақстандық боксшылар ақшалай сыйақы алды

Опубликовано:

Қазақстан бокс федерациясының басшысы мен боксшылар
Қазақстан бокс федерациясының басшысы мен боксшылар. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап ауызашар ұйымдастырып, ақшалай сыйлық табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокстан Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алған боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құраманың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сондай-ақ жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

  • 1-орын: 220 000 доллар;
  • 2-орын: 120 000 доллар;
  • 3-орын: 70 000 доллар;
  • 4-орын: 30 000 доллар;
  • 5-орын: 10 000 доллар.

Бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Айта кетейік, қазақстандық 5 боксшы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. Олардың ішінде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2077241-olimpiada-licenziyasyn-zenip-algan-qazaqstandyq-bokssylarga-aqsalai-syiaqy-tabystaldy-foto/

pixel