Қазақстандық әуесқой боксшылардың рейтингі жаңарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Рейтингте бірінші орында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тұр. Оның әуесқой рингтегі рекорды – 69-21. Ал екінші орынға бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жайғасқан (99-20). Үздік үштікті 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан түйіндеген (66-8).
BoxRec нұсқасы бойынша ТОП-10 қазақстандық әуесқой боксшы:
- Сәкен Бибосынов (51 келі);
- Асланбек Шымбергенов (71 келі);
- Махмұд Сабырхан (57 келі);
- Нұрбек Оралбай (80 келі);
- Серік Теміржанов (63,5 келі);
- Санжар Тәшкенбай (48 келі);
- Дулат Бекбауов (67 келі);
- Айбек Оралбай (92 келі);
- Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі);
- Бекзат Нұрдаулетов (80 келі).
Айта кетейік, осы боксшылардың ішінен Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2077523-qazaqstandagy-en-uzdik-auesqoi-bokssy-anyqtaldy/