jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы ең үздік әуесқой боксшы анықталды

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: kfb.kz

    Қазақстандық әуесқой боксшылардың рейтингі жаңарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рейтингте бірінші орында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тұр. Оның әуесқой рингтегі рекорды – 69-21. Ал екінші орынға бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жайғасқан (99-20). Үздік үштікті 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан түйіндеген (66-8).

    BoxRec нұсқасы бойынша ТОП-10 қазақстандық әуесқой боксшы:

    1. Сәкен Бибосынов (51 келі);
    2. Асланбек Шымбергенов (71 келі);
    3. Махмұд Сабырхан (57 келі);
    4. Нұрбек Оралбай (80 келі);
    5. Серік Теміржанов (63,5 келі);
    6. Санжар Тәшкенбай (48 келі);
    7. Дулат Бекбауов (67 келі);
    8. Айбек Оралбай (92 келі);
    9. Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі);
    10. Бекзат Нұрдаулетов (80 келі).

    Айта кетейік, осы боксшылардың ішінен Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

    Қазақстандағы ең үздік әуесқой боксшы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.