jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы тағайындалды

    Қайрат Сәтжанов
    Қайрат Сәтжанов. Фото: Сали Сабиров/ Қазақстан ҰОК

    Қайрат Сәтжанов бокстан ерлер арасындағы Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қайрат Сәтжанов жаңа қызметінде Әділ Басығараевты алмастырды.

    Қайрат Тұрсынқанұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. 2013 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 5 қола еншілесе, 2015 жылғы дүниежүзілік додада 1 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген. 2019-2021 жылдары жастар құрамасының аға бапкері болды. 2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ал 2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері болып, 2021 жылғы дүниежүзілік додада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды әперді.

    Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамасының жаңа бапкерлер алқасы:

    • Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері – Қайрат Сәтжанов;
    • Қазақстан жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі – Бағдат Оңғарбеков;
    • Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері – Мақсат Оспанов;
    • Қазақстан жасөспірімдер құрамасы аға бапкерінің көмекшісі – Азамат Игибаев;
    • Қазақстан кіші жасөспірімдер құрамасының бапкері – Жақсылық Молдаханов.

    Сондай-ақ, бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып Жангелді Ахметов тағайындалды. Ол бұл қызметте әйелдер құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Елдос Сайдалинді алмастырды.

    Жангелді Әлімжанұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жаттықтырушылық тәжірибесі – 25 жыл. Бүгінге дейін Жетісу облысының әйелдер арасындағы аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.

    Қыздар арасындағы жастар және жасөспірімдер құрамасының жаңа бапкерлер алқасы:

    • Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері – Жангелді Ахметов;
    • Қазақстан жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі – Айдар Сайдалин;
    • Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері – Айбек Әбілдә.

    Бокстан Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.