Төрехан Сабырхан 63,5 келіде лицензиялық жарысқа баратын боксшыны анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирге қатыспайды. Бұл туралы оның бапкері Ілияс Оралбеков Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ассалаумағалейкум ағайын! Өкінішке орай Төрехан шәкіртім спаррингке қатыса алмайды. Халықаралық Олимпиада комитетіне жазған хатымыз қабылданбады. Қолдағандарыңызға көп рақмет! Жеңісті күндеріміз әлі алда", – деп жазды Ілияс Оралбеков.
Айта кетейік, ХОК ережесі бойынша Олимпиада ойындарына 19 жасқа толған боксшылар қатыса алады. Ал Төрехан Сабырханның жасы – он сегізде.
Еске салайық, Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы жарысқа 63,5 келіде баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды. Спарринг 8-10 сәуір аралығында Астанада өтеді. Бұл бәсекеге төмендегі 5 боксшы қатысады:
- Ертуған Зейнуллинов;
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
- Дулат Бекбауов;
- Жандос Қыдырәлиев;
- Серік Теміржанов.
Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2079185-18-zastagy-qazaqstandyq-bokssy-sparringtik-turnirge-qatyspaityn-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.