Бүгін, 8 сәуірде бокстан лицензиялық жарысқа баратын спортшыларды анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирдің алғашқы жарыс күні басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Спаррингтік турнир 8-10 сәуір аралығында Астанада өтеді. Жарыстың алғашқы күнінде 50 кг салмақ дәрежесінің финалында Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова күш сынасты. Үш раундқа созылған кездесуде Назым басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Енді Назым Қызайбай Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы іріктеу турниріне қатысады.
Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.
Еске салайық, 63,5 кг салмақ дәрежесінің ширек финалында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған кездесуде Мұхаммедсабыр басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2080997-bokssy-nazym-qyzaibai-qazaqstan-ulttyq-quramasy-sapyna-irikteldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.