jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлжан мен Сымбат жұдырықтасады: бокстан әйелдер спаррингінің финалында кездесетін жұптар анықталды

    Анель Сақыш пен Сымбат Әлиасқар
    Анель Сақыш пен Сымбат Әлиасқар. Фото: olympic.kz

    Бокстан әйелдер арасындағы спаррингтік турнирдің жартылай финалы аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    54 килограм салмақ дәрежесіндегі спаррингтің жартылай финалында Ұлжан Сәрсенбек тәжірибелі қарсыласы Жайна Шекербекованы жеңді. Дәл осы салмақтағы екінші жартылай финалда Әнел Сақыш пен Сымбат Әлиасқар жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Сымбат басым түсіп, финалға өтті.

    66 килограм салмақтағы спаррингтің жартылай финалында Наталья Богданова әлем чемпионатының қола жүлдегері Милана Сафронованы ұтса, Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдіні жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды.

    Ал 75 килограм салмақтағы бәсекенің жартылай финалында Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Гүлсая басым түсіп, финалға шықты.

    Ертең, 10 сәуірде финалда кездесетін жұптар:

    54 кг:

    Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар;

    66 кг:

    Наталья Богданова – Жасмин Қизатова;

    75 кг:

    Валентина Хальзова – Гүлсая Ержан.

    Айта кетейік, бұл спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге барады.

    Ұлжан мен Сымбат жұдырықтасады: бокстан әйелдер спаррингінің финалында кездесетін жұптар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.