jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары Түркістан облысында жаттығып жатыр

    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов рингте
    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында бокстан Қазақстан, Куба және Өзбекстан құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

    Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

    Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Круз сияқты боксшыларды алып келген.

    Айта кетейік, үш құраманың бірлескен оқу-жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады. 

    Қазір бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Олимпиаданың 6 лицензиясы бар. Атап айтқанда Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама жеңіп алған еді.

    Бокстан Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары Түркістан облысында жаттығып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.