jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкиннің есімі халықаралық бокс даңқы залына жазылуы мүмкін

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Әйгілі қазақстандық боксшы, ҰОК басшысы Геннадий Головкин халықаралық бокс даңқы залына кіреді. Бұл туралы инсайдер Рик Глейзер Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Геннадий Головкин міндетті түрде халықаралық бокс даңқы залына енеді. Ол енді кәсіпқой бокспен айналыспайды. Қазақстандық спортшы бокс мансабындағы жетістіктерімен мақтана алады", – деді Глейзер.

    Еске салайық, "GGG" соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте мексикалықтан жеңіліп қалды.

    Қазіргі уақытта 42 жастағы Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы қызметін атқарады. Десе де кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабы туралы ресми шешім жариялаған жоқ.

    Геннадий Головкиннің есімі халықаралық бокс даңқы залына жазылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.