jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкиннің промоушеніндегі боксшы Алматыда өтетін турнирде жұдырықтасады

    Әли Ахмедов
    Әли Ахмедов. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    "IBA Champions түні" турнирінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің орнына Геннадий Головкин промоушенінің боксшысы Әли Ахмедов шығады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әли Ахмедовтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әли Ахмедов супер орта салмақ дәрежесінде Венесуэла өкілі Карлос Ривераға қарсы жұдырықтасады. Боксшылар Алматыда 27 сәуірде "IBA Night of Champions" турнирінің басты оқиғасы аясында кездеседі.

    Осыған дейін 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен Өзбекстан өкілі Саиджамшид Джафаров арасындағы жекпе-жекке жоспарланған еді.

    Еске салайық, 28 жастағы Әли Ахмедов рингке соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан болатын. Содан кейін Головкин – "Канело" трилогиясының кардында жекпе-жек өткізіп, америкалық боксшы Габриэль Росадоны жеңді.

    Геннадий Головкиннің промоушеніндегі боксшы Алматыда өтетін турнирде жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.