Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов өзбекстандық боксшыны айқын басымдықпен жеңді (видео)

Опубликовано:

Cәкен Бибосынов
Cәкен Бибосынов. Фото: instagram.com/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

51 кг салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов жарыстағы алғашқы жекпе-жегін Өзбекстан өкілі Мухаммадкодир Мамиржоновқа қарсы өткізді. Бұл бәсекеде Бибосынов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, жақында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Сәкен Бибосыновқа лейтенант шенін табыстаған еді.

Бокстан "Елорда кубогі" 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да қатысып жатыр.

Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2101013-saken-bibosynov-ozbekstandyq-boksshyny-aiqyn-basymdyqpen-zhengdi-video/