jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда кубогы: қазақстандық 14 боксшы чемпион атанды

    Қазақстандық боксшы
    Қазақстандық боксшы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:

    Ерлер:

    1. Қазақстан – 9 алтын, 8 күміс, 14 қола;
    2. Өзбекстан – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;
    3. Қытай – 1 алтын, 1 күміс.

    Әйелдер:

    1. Қазақстан – 5 алтын, 5 күміс, 11 қола;
    2. Қытай – 4 алтын, 1 қола;
    3. Үндістан – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола.

    Чемпион атанған жерлестеріміз:

    • 51 кг. Сәкен Бибосынов;
    • 54 кг. Карим Серкебаев;
    • 57 кг. Махмұд Сабырхан;
    • 60 кг. Серік Теміржанов;
    • 67 кг. Нұрбек Мурсал;
    • 75 кг. Тимур Нұрсейітов;
    • 86 кг. Нұрбек Оралбай;
    • 92 кг. Сағындық Тоғамбай;
    • +92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев;
    • 57 кг. Карина Ибрагимова;
    • 60 кг. Виктория Графеева;
    • 63 кг. Аида Әбікеева;
    • 70 кг. Мадина Нұрышева;
    • +81 кг. Елдана Талипова.

    Ең үздік боксшылар:

    • +92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев;
    • 54 кг. Юан Чанг.

    "Биыл елорда төрінде үшінші мәрте ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы "Елорда кубогі" турнирі мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде отандастарымыз өте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарысқа жерлестеріміз бірнеше құраммен қатысқанын айта кеткен жөн. Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшыларымыз төрт жылдықтың маңызды додасы алдындағы соңғы дайындық жекпе-жектерін өткізсе, жас боксшыларға үлкен тәжірибе алаңы, бапкерлік құрамға өздерін дәлелдеу үшін зор мүмкіндік болды. Халықарлық сайыста топ жарған былғары қолғап шеберлерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын", - деді Ермек Маржықпаев.

    Елорда кубогы: қазақстандық 14 боксшы чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.