Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Жарияланған күні:

Батыр Жүкембаев. Фото
Батыр Жүкембаев (сол жақта). Фото: twitter.com/WBABoxing

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) кәсіби рингтегі 24-жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жүкембаев Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде украиналық Иван Редкачпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді. Қазақстандық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Осылайша, Жүкембаев мансабында 23-рет жеңіске жетті және бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental North Americas титулын қорғап қалды. Ал Редкач мансабында 7-рет жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Батыр Жүкембаев өткен жылдың желтоқсанында француз спортшысы Мұхамед Мимунмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңген еді. Сондай-ақ WBA NABA белбеуін қорғап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2105496-batyr-zhukembaev-aqsh-tagy-boks-keshinde-tehnikalyq-nokautpen-zhengdi-video/