
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (22-1) қарсыласы Мұхамед Мимунды (23-5) жеңіп кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 14 желтоқсан Батыр Жүкембаев (22-1 16 КО) француз спортшысы Мұхамед Мимунды (23-5) жеңді. Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу жоспарланған 10 раундқа созылды. Қазақстан спортшы төрешілер шешімімен жеңіп, WBA NABA белбеуін қорғап қалды.
Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін аргентиналық спортшы Уго Рольданаға қарсы өткізді. Қыркүйек айында өткен кездесуде Батыр төрешілердің аралас шешімімен жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ бірінші орта салмақтағы WBA Continental North Americas аймақтық титулын иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2050757-bokssy-batyr-zukembaev-wba-belbeuin-qorgap-qaldy/