Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласы Ресей тумасы: Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Top Rank

Top Rank промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жариялады. Мәлімет компанияның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Оның келесі қарсыласы жеңілмеген боксшы, Ресей тумасы, Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ.

26 жастағы Санкт-Петербургтың тумасы IBF линиясы бойынша міндетті қарсылас болып отыр.

Жәнібек Әлімханұлы (15–0, 10 КО) мен Михайлович арасындағы жекпе-жек 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

"Орта салмақтағы король қайтып оралды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет рингке 2023 жылғы қазан айында шыққан. Сл кезде Жәнібекке Германия өкілі Винченцо Гуальтьери қарсылас болған. Әлімханұлы қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2109861-zhanibek-alimhanuly-kelesi-zhekpe-zhegi-otetin-kun-belgili-boldy/