Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңызды жекпе-жек алдында есінен танған Жәнібек Әлімханұлы қарсыластарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мансабын орта салмақта жалғастыратынын айтты және қарсыластарына үндеу тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түскен еді. Оның 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалды.

"Қолдауларыңызға рахмет! Қазір жағдайым жақсы. Бірнеше аптадан кейін қалпыма келіп, ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда аяқталмаған шаруаларым бар! Адамес пен Лара, тойлауға асықпаңдар. Мен орта салмақта жұдырықтасып, барлық төрт титулды иеленемін, иншааллах! Менде салмақ мәселесі туындаған кезде барлық орта салмақтағы боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекені бұзғаным үшін кешіріңдер! Патша қайтып оралды және орта салмақтағы дивизионды басқарады!", - деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында.

Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан еді. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-0.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2134590-toilauga-asyqpangdar-zhanibek-alimhanuly-oz-salmagyndagy-boksshylarga-undeu-zhasady/