Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WBO жекпе-жегі өтпей қалған Жәнібек Әлімханұлына талап қойды

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына ресми хат жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғауы керек болған. Бірақ қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсті. Осылайша жекпе-жек өтпей қалды.

WBO Әлімханұлына ресми хат жолдап, он күн ішінде медициналық құжаттарды әкелуді талап етті.

"Жәнібектің командасы алдағы он күн ішінде оның жағдайы туралы егжей-тегжейлі медициналық түсініктеме әкелуі керек. Сондай-ақ боксшы қашан жазылатыны туралы болжам, медициналық қорытындылар және Жәнібек қашан медициналық көрсеткіштер бойынша жарыстарға қатысуға және жаттығуларға оралуға жіберілетіні туралы дәрігердің пікірі ұсынылуы керек.

Бұл бұйрықты орындамау Әлімханұлының осы келісім бойынша барлық құқықтан бас тартуына әкеледі және комитет WBO ережелеріне сәйкес әрекет етеді", - делінген ұйымның ресми хатында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мансабын орта салмақта жалғастыратынын айтып, қарсыластарына үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2134713-wbo-uiymy-qazaqstandyq-boksshy-zhanibek-alimhanulyna-talap-qoidy/