Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала өзіне көп алды": Жәнібек Әлімханұлы келемеждеп видео түсірген боксшыға жауап берді

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович. Фото: instagram.com/toprank

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келемеждеп видео түсірген жаңазелендиялық боксшы Андрей Михайловичқа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Андрей Михайлович ауруханаға түсіп қалып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған Жәнібек Әлімханұлы туралы видео түсірген еді. Видеода Михайлович асфальтқа "Janibek" деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады.

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшының бұл әрекеті адамгершілікке жатпайтынын айтты.

"Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Ал оның ісіне, тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар, жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын", - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Андрей Михайлович пен Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек болған. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде ағзасына су жетіспеуіне байланысты есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан жекпе-жек өтпеді.

Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і
Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і. Фото: instagram.com/stories/janibek_alimkhanuly

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2136669-bala-ozine-kop-aldy-zhanibek-alimhanuly-kelemezhdep-video-tusirgen-boksshyga-zhauap-berdi/