jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңазеландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын келемеждеп видео түсірді

    Андрей Михайлович
    Андрей Михайлович. Скриншот: instagram.com/andrei_mikhailovich_

    Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Андрей Михайлович пен Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек болған. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде ағзасына су жетіспеуіне байланысты есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан жекпе-жек өтпеді.

    Андрей Михайлович қазақстандық боксшыны келемеждеп видео түсірді де, Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады. Видеода Михайлович асфальтқа "Janibek" деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады. Видеоға Андрейден бөлек, оның жұбайы мен екі баласы да түскен. Видеоның соңында "Бұл контентті түсірген кезде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды" деген жазу пайда болды.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мансабын орта салмақта жалғастыратынын айтып, қарсыластарына үндеу жасаған еді. Сондай-ақ Әлімханұлына Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) талап қойды.

    Жаңазеландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын келемеждеп видео түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.