jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 7 алтын медаль еншіледі

    Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған халықаралық турнир
    Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған халықаралық турнир. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшылар Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Турнирге 2006 және 2007 жылы туған спортшылар қатысты. Бұл жарыста қазақстандық жас боксшылар жеті алтын медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмағамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (92 кг) жеңімпаз атанды.

    Жарыста Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль иеленді. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг). Ал Өзбекстан құрамасы екі, Қырғызстан бір алтын жүлде еншіледі.

    Еске салайық, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алғанын жазған едік. Бұл жарыста қазақстандық балуандар аталған 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 185 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

    Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 7 алтын медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.