jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Осал қарсылас жоқ": Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшылардың жеребесі туралы айтты

    Мырзағали Айтжанов. Фото
    Қазақстан бокс құрамасының бапкерлері. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    25 шілдеде қазақстандық боксшылардың Париж Олимпиадасындағы қарсыластары анықталған еді. Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жеребе туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Осал қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Біз бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз", - деді бас бапкер. 

    Еске салайық, Париж төрінде жұдырықтасатын боксшылардың жеребесі тартылғанын жазған едік. Жеребе қорытындысы төмендегідей:

    • 51 кг: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия);
    • 57 кг: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания);
    • 63,5 кг: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания);
    • 71 кг: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания);
    • 80 кг: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия);
    • 92 кг: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия);
    • +92 кг: Қамшыбек Қоңқабаев -  Гадфа Дрисси (Испания).

    Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады. Оның алғашқы жекпе-жегі 27 шілдеге жоспарланған. 

    "Осал қарсылас жоқ": Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшылардың жеребесі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.