jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тарихтағы алғашқы жүкті жүлдегер: 31 жастағы спортшы жүктілігінің жетінші айында Паралимпиадада қола жеңіп алды

    Джоди Гринхэм
    Джоди Гринхэм. Фото: Harry Murphy/Sportsfile via Getty Images

    Британиялық садақшы Джоди Гринхэм Паралимпиада ойындарында медаль жеңіп алған тарихтағы алғашқы жүкті әйел атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дүниежүзілік садақ ату федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Спортшы жүктілігінің жетінші айында Париж Паралимпиадасына қатысып, блокты садақ атудан қола жүлде еншіледі. Алтын медальді түркиялық Азнур Куре Гирди иеленсе, күміс жүлде Иран спортшысы Фатемех Хемматиге бұйырды.

    31 жастағы Джоди Гринхэм Паралимпиада ойындарының тұғырына көтерілген алғашқы жүкті әйел атанды.

    "Мен бұл жерге жүкті кезімде қатысып қайту үшін емес, жарысып, медаль жеңіп алу үшін келгенімді көрсетпек болдым. Мен мақсатыма жеттім, сол үшін қуаныштымын. Спорттағы әйелдер әрдайым стигматизация нысаны болып келеді. Олар бала дүниеге әкелген соң, мансабы аяқталады. Бірақ олай болмауы керек. Мен екі жыл бұрын сәбилі болдым, қазір де жүктімін. Мен мансабымды жалғастырып, медаль жеңіп алдым. Қалағаным да осы. Енді мен бірнеше ай демалып, келесі жылы әлем чемпионатына қатысқым келеді. Балам дүниеге келген соң оған Паралимпиада тұғырында болдың деп айтамын", - деді Гринхэм.

    Джоди Гринхэм
    Джоди Гринхэм. Фото: Harry Murphy/Sportsfile via Getty Images

    Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын. Әзірге ел қоржынында бір күміс жүлде бар.

    Тарихтағы алғашқы жүкті жүлдегер: 31 жастағы спортшы жүктілігінің жетінші айында Паралимпиадада қола жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.