Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 50 кг дейін салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай бірінші кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Назым Қызайбай 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Бірінші кезеңде қазақстандық боксшы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Джордана Соррентиномен шеберлік байқасты.
Бұл жекпе-жекте Назым Қызайбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (29:28, 29:28: 30:27, 30:27, 28:29) жеңіске жетті.
Назым Қызайбай 1 тамызда 1/8 финалдық кезең аясында бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші кездесуінде жеңіліп қалды. Сондай-ақ Құрама капитаны алғашқы айналымда не себепті есе жібергенін түсіндірген болатын.
- Руслан Курбанов Олимпиада чемпионына жол беріп қойды
- Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2140861-nazym-qyzaibai-olimpiada-oiyndaryn-satti-bastady/