jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    21 жастағы қазақ боксшысы тартысты кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

    Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лаймен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіске жетті. Енді оның ширек финалдағы қарсыласы 27 жастағы грузиялық Лаша Гурули. Аталмыш жекпе-жек 2 тамызға жоспарланған.

    Еске салайық, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччеге қарсы кездесу өткізді. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жеткен еді.

    Ел қоржынында Париж Олимпиадасының 3 жүлдесі бар. Қазақстандық спортшылар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, ату спортынан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қолаға қол жеткізді. Тағы бір қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді.

    21 жастағы қазақ боксшысы тартысты кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.