Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының алғашқы айналымындағы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 1/8 финалдық кезеңі аясында аустралиялық Каллум Петерске қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласынан 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы ширек финалға шықты.
Қазақстандық боксшы кездесудің екінші раундында нокдаунға түсіп қалған болатын.
Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанған.
Сондай-ақ бүгін, 30 шілдеде қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов та шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшы түрік Самет Гюмюшке қарсы сағат 23:00-де кездесу өткізеді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2141994-parizh-olimpiadasy-nurbek-oralbai-algashqy-kezdesuinde-zhengiske-zhetti/