jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Париж-2024: қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан алғашқы айналымда жеңіліп қалды

    Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде
    Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде. Фото: iba.sport

    Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан сынға түскен қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан қарсыласынан ұтылып қалды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

    Агенттік мәліметінше, Тоқтарбек Таңатқан 1/16 финалда доминикалық боксшы Кристиан Пиналеспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен қарсыласына есе жіберді.

    Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Кристиан Пиналесті жеңімпаз деп тапты.

    Айта кетсек, Қытайдағы қазақ боксшысының салмағында Қазақстан намысын Нұрбек Оралбай қорғайды.

    Осыған дейін көптеген жанкүйерлер екі қазақ боксшысы Париж олимпиадасында жолы түйісуі мүмкін деп топшылаған болатын. Бұл Тоқтарбектің спорттық мәнсабындағы екінші олимпиадасы. Ол осыған дейін Токио төрінде де сынға түскен еді.

    Париж-2024: қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан алғашқы айналымда жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.