Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: kfb.kz

Боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

51 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 1/8 финалдық кезеңі аясында түрік Самет Гюмюш қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Сәкен Бибосынов 2021 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген болатын. Сол жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында топ жарған.

Сондай-ақ бүгін, 30 шілдеде 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 1/8 финалдық кезеңі аясында аустралиялық Каллум Петерстен 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшылардың ішінен Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142132-parizh-olimpiadasy-saken-bibosynov-shirek-finalga-zholdama-aldy/