jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкинге Париж Олимпиадасында ерекше міндет жүктелді (видео)

    ҰОК президенті Геннадий Головкин
    ҰОК президенті Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

    Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар Геннадий Головкинге құрмет көрсетіп, 31 шілдедегі бокс бәсекесін ашу мәртебесін ұсынды. Головкин ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады. 

    Бұл – 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енгізілген басты жаңалықтардың бірі. Ұйымдастырушылар Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктіруге ұмтылған. Осы дәстүр көпшілікті спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады. Үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек. 

    Еске салайық, бүгін, 31 шілдеде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, ұтылып қалған еді. Кейін ол жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

    Осыған дейін қазақстандық боксшылардың ішінен Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Олимпиаданы аяқтаған еді. Ал Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) ширек финалға шықты.

    Геннадий Головкинге Париж Олимпиадасында ерекше міндет жүктелді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.