Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасында алғашқы қарсыласына есе жіберді

Жарияланған күні:

Валентина Хальзова
Валентина Хальзова. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

75 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Валентина Хальзова 1/8 финалда Панама өкілі Атейна Билонмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті панамалық боксшыға берді (4:1).

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Джордана Соррентиноны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) және Махмұд Сабырхан (57 кг) Олимпиаданы аяқтады. Ал Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) ширек финалға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142801-qazaqstandyq-boksshy-parizh-olimpiadasynyng-shirek-finalyna-shyga-almady/