Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбай Панамерика ойындарының чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай Азия ойындарында
Назым Қызайбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан бокс бәсекесінде Назым Қызайбай кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдамен кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бразилиялық қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Каролайн Барбоза де Алмейда 2023 жылы Чилиде өткен Панамерика ойындарында алтын медаль жеңіп алған.

Назым Қызайбай ширек финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері колумбиялық Ингрит Валенсиямен жұдырықтасады.

Айта кетелік, бүгін, 1 тамызда қазақстандық боксшылар арасынан 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай (сағат 20:54) мен 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (сағат 00:20) шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143305-nazym-qyzaibai-panamerika-oiyndarynyng-chempionynyn-zhengip-shirek-finalga-shyqty/