Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездесті. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері болса, Дусматов Рио Олимпиадасында алтын медаль иеленген болатын.
Осыған дейін Нұрбек Оралбай жартылай финалға өткенін жазған едік. Ол Париждегі екінші жекпе-жегінде Әзербайжан өкілі Мурад Аллахвердиевтен басым түсті. Ал Айбек Оралбай (92 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) Олимпиаданы аяқтаған болатын.
Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг) ғана жүлде үшін күресті жалғастырады. Ал Валентина Хальзова (75 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіліп қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143951-saken-bibosynov-ozbek-boksshysyna-ese-zhiberip-olimpiadany-aiaqtady/