Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ еліне алғыс айтамын": финалға шыққан Нұрбек Оралбай жекпе-жегін қорытындылады

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғаннан кейін сұхбат беріп, қазақ еліне алғыс айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақ еліне үлкен рақмет айтамын. Аллаға шүкір, мұнымен тоқтамаймыз. Ағайларымыздың айтуымен, тактикасымен бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласымды білесіздер, осал емес. Бірінші жекпе-жегінде қазақ бауырымыз Тоқтарбекті ұтты. Маған жанкүйер болған қазақ еліне алғысымды білдіремін, мұнымен босамаймыз. Рақмет", - деді жекпе-жегінен кейін отандық боксшы.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шыққанын хабарлаған едік. Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен кездесті. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (3:2).

Енді отандасымыз Нұрбек украиналық Александр Хижняк пен пен кубалық Арлен Лопез жұбының жеңімпазымен Париж Олимпиадасының алтыны үшін жұдырықтасады. Финалдық бәсеке 7 тамызға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2144347-qarsylasymdy-bilesizder-osal-emes-finalga-shyqqan-nurbek-oralbai-zhekpe-zhegi-turaly-aitty/